Суда жүзуден ел рекорды жаңарды

Осыдан бір ай бұрын 19 жасқа толған Аделайда Пчелинцева суда жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды SportX.kz.

Пчелинцева осы күндері Теміртауда өтіп жатқан Қазақстан кубогі жолындағы жарыста ерекшеленді. Талабы таудай спортшы брасс әдісімен 50 метрлік дистанцияға жарысудан еліміздің бұрынғы рекордын бұзды.  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған Аделайда бұл қашықтықты 31,55 секундта еңсерді.

Пікір жазыңыз