Суарестің орнын басатын футболшы табылды

«Барселона» қожайындары «Тоттенхэмнің» сапында өнер көрсететін Англия құрамасының белді шабуылшысы Харри Кейнге қызығушылық танытуда, деп хабарлайды SportX.kz.

Каталондық клуб ағылшын футболшысы үшін 200 млн стерлинг төлеуге әзір. Егер екі жақ ортақ шешімге келіп жатса, Харри Кейнді «Барселона» сапынан көріп қалуымыз әбден мүмкін. Көп жылдар бойы команданың белді футболшыларының бірі болған уругвайлық Луис Суарестің орнын басатын ойыншы ретінде клуб басшылары Харри Кейнді таңдапты.

Осы маусымда Харри Кейн премьер-лигада 16 ойынға қатысып, 9  рет көзге түссе, чемпиондар лигасында ттөрт мәрте нәтижелі соққы жасаған.

Пікір жазыңыз