Су добы: Америкадан оңбай ұтылдық

Осы күндері Венгрия астанасы Будапештте су добынан Әлемдік лиганың суперфиналдық ойындары өтіп жатыр. Топтық раундтың екінші матчын АҚШ құрамасымен өткізген еліміздің бас командасы 11:4 есебімен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды SportX.kz.

Александр Шведовтың шәкірттері мұның алдындағы матчта 5:15 есебімен әлем чемпиондары сербиялық су добы шеберлеріне есе жіберген еді. Екінші ойында да жарытып ойын өрнегін көрсете алмаған жерлестеріміз тағы да ірі есеппен ұтылуға мәжібүр болды.

Әлемдік лиганың іріктеу ойындары екі топта өтіп жатыр. Қазақстан түскен «В» тобында АҚШ (6) ,Хорватия (4) және Испания (2) өнер көрсетуде. Келесі топта плей-офф сериясына шығу үшін Черногория (6), Венгрия (3), Аустралия (3) және Жапония күш сынасуда.

 

 

Пікір жазыңыз