Соңғы минутта сан соғып қалды (ВИДЕО)

Астананың «Барысы» Хабаровскіде жергілікті «Амурдан» ұтылып қалды. Тартысқа толы бәсеке 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Алғашқы минуттардан ойынға білек сыбана кіріскен екі жақтың мақсаты реті келсе тезірек есеп ашып алға шығу болды. Айтқандай алғашқы шайба көп күттірген жоқ. Кездесудің 4- минутында «Барыс» сапында өнер көрсететін канадалық шабуылшы Кертис Волк алаң иелерін сан-соқтырып кетті. Жанкүйерлердің қолдауымен үнемі алға ұмтылумен болған жергілікті хоккейшілер түбі есепті теңестіріп үлгерді. Бұл эпизодта Игорь Руденков мергендік танытты.

Екі жақ қанша күш салғанымен таблодағы нәтиже кездесудің 58-минутына дейін өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Алайда матч аяқталуға бірер минут қалғанда «Барыстың» қорғаныс шебінен саңлау тапқан чех Томаш Загорны «Амурға» жеңіс сыйлады.

Жеңіске жалғасқан үш кездесуден кейін мүлт кеткен «Барыс» келесі ойынын Шанхайда (Қытай) «Куньлунге» қарсы өткізеді.

Президенттік спорт клубының командасы 50 ұпаймен Шығыс конференцияның турнир кестесінде әзірге бесінші орында келеді.

Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз