Соңғы айналым

Футболдан Қазақстан Премьер лигасының кезекті чемпионаты өз мәресіне таяп қалды. Дегенмен қызықты ойындар әлі алда. 23-турдың ойындары тамыздың 18-мен 19- күндері өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Әзірге ел чемпионатында 54 ұпаймен «Астана»клубы көш бастап тұр. Екінші орындағы «Қайраттың» олардан үш ұпайы кем. Бірінші айналымда астаналықтар  өз алаңында «Қайратпен » ұпай бөліссе, Алматыда өткен келесі матчта 1:2 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын едәуір жақсарта түскен еді.

Екі команда  арасындағы соңғы айналымның бәсекесі 3-қараша күні «Астана-Арена» стадионында өтеді.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз