Сирияға күшіміз жетпеді

Үндістанның оңтүстігіндегі Бангалор қаласында баскетболдан 18 — жасқа дейінгі қыздар құрама командалары арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді. Алғашқы матчта сириялық құрбыларымен сынға түскен еліміздің бойжеткендері көңілден шығатын ойын өрнегін көрсете алмады, деп хабарлайды SportX.kz  

Біздің қыздар кездесудің бірінші бөлігінде бары-жоғы 6 ұпай еншілесе, соғыс өрті өршіп тұрған Сирияның жастар құрамасы 14 ұпай алға шығып үлгерді. Осы бетінен қайтпаған қарсыластарымыз ойын соңын дейін тізгінді қолдан шығармай 56:40 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін еліміздің жастар құрамасы Самоамен кұш байқасады. Азия чемпионаты 3-қарашаға дейін жалғасады.

 

Пікір жазыңыз