Шымкенттік мәнерлеп сырғанаушылар озып тұр

Шырайлы Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды SportX.kz.

Биылғы ел чемпионатында  Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен  Шығыс Қазақстан,Қарағанды және Түркістан облыстарынан ұзын-саны 113 спортшы бақ сынауда. Астана атынан 26 спортшы сынға түсіп жатса, Алматыдан 22, Қарағанды облысынан 27, ал Шымкенттен 16 мәнерлеп сырғанаушы өз өнерлерін ортаға салуда.

Жекелей сыннан өткен сынақтардың нәтижесі бойынша жеңімпаздардың алды белгілі болып қалды. Бір қуантарлығы қаракөздеріміздің арасында спорттың осы түріне деген қызығушылық арта түскені байқалады.

Жасөспірім ұлдар: 

1. Даниэль Шалабаев (Шымкент)

2. Егор Зябрев (Түркістан обл)

3. Дмитрий Сергиенко (Түркістан обл)

Жасөспірім қыздар: 

1. Алика Халимова (Шымкент)

2. Лия Мусина (Астана)

3. Ирина Павленко (Түркістан обл)

Ересектер: 

1. Мәлім Досыбек (Шымкент)

2. Арсен Өтеуіл (Алматы)

3. Аян Сақыбек (Шымкент)

Пікір жазыңыз