Шорт-трек жұлдыздары Алматыда

Бүгін Алматы қаласындағы Halyk Arena спорт кешені мұзайдынында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі жалауын көтереді, деп хабарлайды SportX.kz.

Шорт- трек спортының майталмандары жаңа маусымның алғашқы кезеңін Калагриден (Канада) бастаған. Одан кейін әлем кубогы жолындағы кезеңді Солт-Лейк -Сити (АҚШ) қабылдаса, ендігі кезек Алматының еншісіне тиіп отыр. Қазақстандағы бәсекеге 19 елден 151 үміткер жиналыпты.

Жалпы әлем кубогы жолындағы жарыстар бес кезеңнен тұрады. Осы бес жарыс нәтижесі бойынша жекелей және командалық сын бойынша кубок иегерлері анықталады. Реті келгенде айта кетейік, спортшылар мен ISU мамандары Halyk Arena кешенінің мұзайдынына жоғары баға беріп отыр.

 

Пікір жазыңыз