Шорт-трек шеберлері Алматыда бас қосады

Қысқы спорт түрлері біртіндеп күнделікті жаңалықтарымен өз көрермендерін қызықтырып келеді. Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды SportX.kz. 

Америкадағы кезеңнен қазақстандық спортшылар да шет қалған жоқ. 500-метрлік дистанцияға жарысудан сынға түскен Денис Никиша жүлдеге бір табан жетьпей тоқтады. Денис төртінші орынды місе қылса, экс- оүтүстік кореялық шорт-трек шеберіміз Ким Йонг 1000 метрге жарысқан әйелдер додасында 9- нәтиже көрсетті. Бұл сында голландиялық Сюзанна Схюлтинг (1.28,436) үздік шықты.

Шорт-трек. Әлем кубогы. Екінші кезең. Солт-Лейк-Сити, АҚШ
Ерлер. 1000 м

1. Кьюн Хван Хон (Оңтүстік Корея).
2. Тибо Факонне (Франция).
3. Денис Айрапетян (Ресей).

Эстафета. 5000 м
1. Венгрия.
2. Қытай.
3. Ресей .

Әйелдер. Эстафета. 3000 м
1. Оңтүстік Корея.
2. Ресей .
3. Жапония.

Әлем кубогының келесі кезеңі 7-9 желтоқсан аралығында Алматыда  өтеді.

Пікір жазыңыз