Шілдедегі ең әдемі гол

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының шілде айындағы үздік голын атады, деп хабарлайды Sportx.kz.

Жанкүйерлер арасында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша алғашқы екі орынды «Ақтөбе» клубының футболшылары иеленіпті. Маркос Пиззелидің алыс қашықтықтан «Шахтердің» қақпасына соққан нәтижелі соққысы көпшіліктің көңілінен шығыпты. Оның орындауындағы әдемі голға 3000 жанкүйер дауыс берген. Екінші орын алған оның командалас әріптесі Милан Радиннің  голы да сондай керемет шыққан. Айып алаңына ентелей кірген серб, шалт қимылмен үш бірдей қорғаушыны далада қалдырып, одан әрі  аладопты қақпаға бағыттап кете барған.

 

Пікір жазыңыз