Шиеленіске толы бәсеке (ВИДЕО)

 «Барыс» хоккейшілері КХЛ аясындағы тұрақты чемпионаттың кезекті турында «Северстальдың» (Череповец) қақпасына жауапсыз үш гол тоғытты, деп хабарлайды SportX.kz.

Ойын нәтижесіне қарағанда бүгінгі  жеңіс астаналықтарға оңай келгендей көрінетіні анық. Өйткені өз қақпамызды берік ұстап, есесіне қонақтарды үш рет ойынды ортадан бастауға мәжбүрледік. Ал шын мәнінде бұл кездесу жерлестерімізге оңай түскен жоқ. Алма-кезек шабуылға ұласқан матчтың бірінші кезеңінде «Северсталь» алғы шепте өткір шабуылдар ұйымдастыра алды. Біздің жігіттер де қарап қалмай, реті келсе қарсы қақпадан саңлау іздеп әлеккке түсті. Бірақ алғашқы жиырма минуттықта таблодағы нөлдер өзгеріссіз қала берді. Үзілістен кейін айдындағы ойын ерекше белең алып, қауіпті сәттер екі қақпа алдында жиі қайталана бастады. Осы тұста қонақтардың қақпашысы Доминик Фрухтың шеберлігін атап кеткеніміз жөн. Чехиялық легионер астаналық хоккейшілердің небір соққыларына тосқауыл бола алды.

Дегенмен кездесудің 30-минутында Даллмэн бастап Волк қостаған комбинацияны нәтиежелі соққымен түйіндеген Михайлис «Барысты» алға шығарды. Матчтың шешуші бөлігінде есепті еселеуге күш салған алаң иелері соңғы минуттарға дейін шабуылды тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде алдымен Кормье көзге түссе  соңғы минутта Михайлис бүгінгі ойындағы өзінің екінші голын салды. Қорытынды есеп- 3:0.

Ертең «Барыс» өз алаңында «Локомотивті» (Ярославль) қабылдайды

38 кездесуден 52 ұпай еншілеген Президенттік клуб Шығыс конференцияныің турнир кестесінде әзірге бесінші орында келеді.

Бас демеуші- «Самұрық — Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз