Шанхайдағы шайқаста жеңіске жеттік

Астананың «Барысы» хоккейден Континенталдық лиганың тұрақты чемпионаты аясында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Елордалықтар Қытайдың «Куньлуннен Ред Стар » клубынан басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Шанхайда өткен кездесудің бірінші кезеңі белортасынан ауғанда алаң иелерінің қорғаныс шебінен саңлау тапқан Мэттью Фрэттин «Барысты» алға шығарды. Алғашқы үзілістен кейін Войтек Вольскиий есепті қысқартқанымен қарап қалмаған жерлестеріміз Антон Сагадеев пен Никита Михайлистің күшімен есепті 1:3 жеткізді. Осы бетінен танбаған «Барыс» хоккейшілері шешуші кезеңде тағы бір шайба соғып, сырт алаңда ірі есеппен жеңіске жетті. Бүгінгі бәсекеге нүкте қойған шайбаны бос қалған қақпаны дәл көздеген Виктор Сведберг соқты.

Президенттік спорт клубының командасы келесі турдың ойынын 18 — желтоқсан күні өз алаңында өткізеді. Бұл жолы астаналық хоккейшілер Череповецтің «Северсталь» клубын қабылдайды.

Континенталдық хоккей лигасы

«Куньлунь РС» (Бейжің, Қытай) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

Шайбалар:
0:1 — 14:30 Фрэттин.
1:1 — 25:08 Вольский (Латта).
1:2 — 29:16 Сагадеев (Әсетов).
1:3 — 30:16 Михайлис (Диц, Орехов).
1:4 — 58:06 Сведберг.
«Куньлунь РС»: Лазушин — Лаюнен, Парлетт, Виклунд, Ярвинен, Бартулис, Бартли, Юйэнь — Брэйден, Войтек, Ип, Савинайнен, Сквайрз, Палола, Латта, Лунд, Мертл, Николлс;

«Барыс»: Граховина — Семёнов, Блэкер, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Сведберг, Орехов — Михайлис, Волк, Петухов, Акользин, Панюков, Кормье, Фрэттин, Бойд, Гурков, Сагадеев, Шевченко, Әсетов.

Бас демеуші -«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз