Семсершілердің кезекті жүлдесі

Қылыштасудан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыстан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды SportX.kz.

Жарыстың ширек финалында Гонконгты қапы қалдырған семсершілеріміз, жартылай сында 36:45 есебімен Жапонияға есе жіберді. Екінші жартылай финалдық бәсекеде Қытай құрамасы 45:11 есебімен Оңтүстік Кореядан алда болды. Сонымен жазғы Азиаданың алтын жүлдесін Жапония мен Қытай құрама командалары сарапқа салатын болды.

Қола медаль үшін өткен сайыста Гонконгты басып озған Қазақстан құрамасы сапында — Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаймов өнер көрсетті.

 

Пікір жазыңыз