Семсершілер күміспен күптелді 

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды SportX.kz.

Тай елінде өтіп жатқан Азия чемпионатына жолы түскен семсершілеріміз әзірге алтын жүлдеден құр алақан. Шпагадан өткен  ерлер арасындағы командалық жарысты сәтті бастаған жерлестеріміз, жол-жөнекей Тайланд пен Гонконгты, ал жартылай сында 45:39 есебімен Оңтүстік Кореядан басым түсті. Бірақ  ақтық сында Қытайға жол беріп алды. Шешуші матчтағы тартыс 44:45 есебімен аяқталды. Бұл сында Қазақстан атынан Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаймов сынды семсершілер өнер көрсетті. Азияның қола жүлдесі Өзбекстанның еншісіне бұйырды.

Бұған дейін ел қоржынына екі медаль түскен.Оның  бірін шпагадан өткен жеке сында екінші орын алған Дмитрий Алексанин иемденсе, қылыштасудан сайысқа шыққан әйелдер бәсекесінде еліміздің командасы үшінші орынды қанағат қылды.

Пікір жазыңыз