Сейдахмет- тележүргізуші

Ресейлік «Уфа» клубында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Башқұрт телеарнасында спорт жаңалықтарын жүргізеді, деп хабарлайды SportX.kz

Еркебұланның футболды қойып, телеарнаға ауысқаны несі? Бұл заңды сұрақ, бірақ асықпаңыз, мәселе сіз ойлағандай емес. Шындығына келсек, Сейдахмет футболды тастаған жоқ, тастамайды да. «Уфа» футбол клубы мен БСТ (Башқұрт спутинктік телеарнасы) бірлескен жаңа бастама көтеріпті. Жаңа жоба бойынша футболшылар мен жаттықтырушылар өздерін тележүргізуші ретінде сынап көрмек. Жаңа мамандықтың қызығы мен шыжығын бірінші болып жаттықтырушылар штабының өкілі Виллиам де Оливейра байқап көрді.

Жақын күндері біздің Еркебұлан да Башқұрт телеарнасында бой көрсетіп қалады.

Пікір жазыңыз