Самат Данияр Канаданың қақпасын екі рет дәл көздеді

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада жергілікті студенттік клубтармен жолдастық кездесулер өткізуде. Бұл жолы қазақ жастары Trinity Western University «Spartans» клубынан басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Ванкуверде жалауын көтеретін әлем чемпионаты алдында Қазақстан жастар құрамасы Канадада екінші жолдастық кездесуін өткізді. Алғашқы матчта 6:2 есебімен Виктория университетінің командасынан алда болса, «Спартанцы» клубымен өткен келесі бәсекедегі жеңіс жерлестерімізге оңай келмеген сыңайлы. Кездесудің негізгі бөлігі 3:3 есебімен аяқталып, тартысты ойын овертмаймға жалғасты. Дегенмен шешуші сәтте қарсы қақпаны дәл көздеген Самат Даниярдың шайбасы Қазақстанға жеңіс әкелді.

Бүгінгі ойында  Қазақстан құрамасы сапында Саян Данияр, Давыд Макуцкий, Самат Данияр (2) мергендік танытты.

18 желтоқсан күні Қазақстан жастар құрамасы All Star Freshmen BCIHL клубымен күш сынасады.

26- желтоқсан күні Ванкувердегі әлем чемпионаты 26-желтоқсан күні басталады. шайбалы Элиталық чемпионаттың «В» тобынан табылған еліміздің жас хоккейшілері алдағы сында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ құрамаларымен күш байқасады.

 

 

Пікір жазыңыз