Сәбинаның өнері Минскідегі жарысқа сән берді

Қазақстандық гимнастшы Сәбина Бақатова Минскіде жалауын түсірген халықаралық жарыстан жүлдемен оралды, деп хабарлайды SportX.kz.

Беларусь астанасында олимпиада чемпионы Марина Лобачтың жүлдесі үшін көркем гимнастикадан жыл сайын дәстүрлі турнир өткізіліп тұрады. Осымен 16 -рет жалауын көтерген халықаралық жарыста өз өнерін ортаға салған жерлесіміз Сәбина Бақатова тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Жалпы дүбірлі додада он мемлекеттен 100 гимнастшы бақ сынасты.

Астаналық халықарпалық дәрежедегі спорт шебері Бақатова биылғы жылды сәтті аяқтап отыр. Бұған дейін Куала-Лумпурде өткен Азия чемпионатында Сәбина қос алтын және күміс жүлде иеленген еді.

 

Пікір жазыңыз

Ваш электронный адрес не будет опубликован.