Рыпаковадан үмітіміз зор

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының ең атақты спортшысы Ольга Рыпакова, Азия ойындары алдындағы дайындығын Малайзия астанасында пысықтауда, деп хабарлайды SportX.kz.

Лондон олимпиадасының чемпионы Рыпакованың Азия ойындарындағы жетістігі өз алдына бір төбе. 2006-жылдан бері өскемендік атлет Азия ойындарында үш мәрте топ жарыпты. Күміс пен қоласы тағы бар. Алдағы ойындарда Ольга Рыпакова бір ғана жаттығумен шектелгенді жөн санапты. Жерлесіміз Индонезияда өзінің сүйііп орындайтын жаттығуы үш қарғып секіруден сынға түспек. Азиада бағдарламасындағы жеңіл атлеттер додасы 25- тамыз күні басталады.

 

Пікір жазыңыз