Роналдуды басып озды

 ESPN телеарнасының сайты жылдың ең үздік футболшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.

2018-жылдың үздік жаттықтырушысы деген құрметке «Манчестер Сити» клубының бапкері Хосеп Гвардиола лайық болып шығыпты. Премьер лиганың тағы бір өкілі Давид Де Хеа Кинтананы (Манчестер Юнайтед) танымал телеканал үздік қақпашы деп таныпты. Шабуылшылар арасында өзінің бақталасы Роналдуды артқа тастаған «Реалдың» аргентиналық сұрмергені Лионель Месси озып шығыпты.

Үздіктерді таңдау үшін алдын-ала 90 футболшы және 10 жаттықтырушы іріктелген.Тоғыз позиция бойынша жүргізілген таңдаудың өзге үздіктері: Даниэль Карвахаль, Серхио Рамос, Марсело, Лука Модрич, Де Брюне, Садио Мане және Гарри Кейн.

Пікір жазыңыз