«Ривер» мен «Бока»арасындағы қарымта матч Еуропада өтеді (ВИДЕО)

Оңтүстік Америка футбол Конфедерациясы екі клуб арасындағы қарымта бәсекені Мадридте өткізуді ұйғарыпты, деп хабарлайды SportX.kz.

«Ривер Плейт» пен «Бока Хуниорс» бітіспес қарсыластарға айналған клубтар. Екі команда арасындағы кездесулер үнемі жанкүйерлердің жанжалына ұласып жатады. Биыл да солай болды. Қарымта матч алдында «Ривер Плейттің» жанкүйерлері «Бока Хуниорс» клубының автобусына шабуыл жасап, нәтижесінде бірнеше футболшы жарақат алған. Олардың арасында Еуропада талай жыл тер төккен әйгілі шабуылшы Карлос Тевес бар көрінеді. Қарымта матч 24- қараша күні «Ривердің» стадионы «Монументальда» өтетін болған. Кейіннен тағы бір сөткеге сырылған кездесу, түбі Аргентинадан тыс аймақта, дәлірек айтсақ Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы ақтық бәсекені Мадридте өткізуді ұйғарыпты.

Сонымен Либертадорес кубогы үшін қарымта матч 9 — желтоқсан күні король клубы «Реалдың» стадионы «Сантьяго Бернабеуде» өтеді.

Алғашқы ойын 2:2 есебімен аяқталған.

Пікір жазыңыз