Ригадағы матчқа аустриялықтар төрелік етеді

Ұлттар Лигасы аясындағы Латвия -Қазақстан матчына аустриялық төрешілер бригдасы әділ-қазылық жасайды, деп хабарлайды SportX.kz.

Матчқа бас төреші болып Харальд Лехнер бекітілген. Оған алаңның қос қапталында Андреас Хайндрайх пен Максимилиан Кольбич көмектеседі. Ал төртінші яғни қосымша арбитр болып Андреас Штаудингер тағайындалған.

Екі құрама арасындағы бәсеке 13-қазан күні Ригада өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.

 

Пікір жазыңыз