Қытайда қандасымыз Елшаттан асқан боксшы жоқ

 «Қазақ жауынгері» деген лақап атпен танымал Елшат Нығматоллаұлы (14-0-1, 5КО) кезекті жекпе-жегін тарихи отанында өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Елшат Ныметоллаұлы Қытай кәсіпқой боксының жарық жұлдыздарының бірі. 14 кездесу өткізіп оның бәрін жеңіспен түйіндеген қандасымыз әлемдік рейтингте үздік жүздіктің қатарында. Өзі өнер көрсететін 53,5 келі салмақ дәрежесінде Елшат бүкіл Қытайдың алдында тұр. Оның жетістіктерін тізе кетсек, WBO тұжырымынан Қытайдың үздігі және WBC бойынша Азия чемпионы.

Жақын күндері Елшат Нығматоллаұлы ат басын Қазақстанға бұрмақ. Қытайдың нөмірі бірінші боксшысы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнерін ортаға салмақ.

 

Пікір жазыңыз