ҚПЛ: Жүлдегерлер түгел белгілі

Футболдан Қазақстан премьер лигасының жүлдегерлері мерзімінен бұрын белгілі болып қалды. «Астана» бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанса, Алматының  «Қайраты» күміс, ал қостанайлық «Тобыл» қола жүлдеге лайық болып шықты, деп хабарлайды SportX.kz  

Қатарынан бесінші жыл бас бәйгені олжалаған Президенттік спорт клубы жүйесіне кіретін «Астана» келер жылы чемпиондар лигасында қайтадан ел намысын қорғайтын болады. Астаналық футболшыларды тобықтан шалған «Тобыл», осы жеңістен кейін ізін басып келе жатқан «Ақтөбенің» қолы жетпейтіндей қашықтыққа ұзап кетті. Осылайша қостанайлық клуб соңғы екі турдың нәтижесіне қарамастан ел біріншілігнің қола жүлдесін иеленіп отыр. Маусым бойы «Астанамен»  чемпиондық жарысты қыздырған «Қайрат» соңына дейін шыдас бере алмай екінші орынды місе қылды.

Сонымен келер жылы «Қайрат» пен «Тобылды» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен көретін боламыз. Осы турнирде бақ сынайтын үшінші команда әзірге белгісіз. Мұндай мүмкіндік «Атырауда» басымырақ. Ол үшін 24-қараша күні Шымкентте өтетін ел кубогының ақтық сынында атыраулықтар «Қайратты» ұтуы тиіс. Егер алматылықтардың жолы болса, онда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ел чемпионатында төртінші орын алған клуб өнер көрсететін болады.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз