ҚПЛ: «Астананың» голдары шетінен керемет!

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер лиганың кезекті турдағы үздік голын атады, деп хабарлайды Sportx.kz.

Жанкүйерлер арасында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасовтың «Қайраттың» қақпасына соққан добы турдың ең әдемі голы болып танылды. Хорватиялық футболшының орындауындағы голға 764 жанкүйер дауыс берген. Оның командалас әріптесі Бақтиер Зайнутдинов (Астана – Қайрат) – 329  дауыспен екінші, ал үздік үштікті түйіндеген Адеринсола Эсеоланың голына (Астана – Кайрат) 323  жанкүйер қолдау көрсеткен. Осылайша Президенттік спорт клубы жүйесіндегі команданың футболшылары 32- турда тамаша соғылған голдармен ерекшеленді.

Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз