Қоладан кенде емеспіз

Түркияның ең ірі шаһары Ыстамбұлда еркін күрестен Яшар Догу мемориалы өтті. Әйгілі түрік балуанын еске алуға арналған халықаралық турнирден жерлестеріміз бес медаль еншілеп қайтты, деп хабарлайды SportX.

Осымен 46- мәрте жалауын көтерген дәстүрлі турнирде ондаған елдің балуандары күш байқасты. Көптеген елдің құрамалары Түркияға үздік балуандарын ерте келіпті.  Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені Яшар Догу мемориалы әлем чемпионаты алдында өткізіліп отыр. Бұдан шықты Ыстамбұлдағы турнир ұлттық құрамалар үшін іріктеу кезеңі болып табылғаны сөзсіз.

Ал, еліміздің белді балуандары бұл күндері Азиадаға дайындалуда. Сондықтан Яшар Догу мемориалына екінші және үшінші нөмірдегі балуандарымыз аттаныпты. Нәтиже жаман емес сияқты.  Мәдияр Бурхан, Дәулет Ниязбеков, Нұрлан Бекжанов, Болат Сақаев және Бахтияр Ізбасаров халықарлық турнирден қола жүлдемен оралды.

Пікір жазыңыз