Қазақстанның жастар құрамасы элитада бақ сынайды

26- желтоқсан күні Ванкуверде шайбалы хоккейден элиталық дивизионды құрайтын Жастар құрама командалары арасында әлем чемпионаты басталады. «В» тобынан табылған еліміздің жас хоккейшілері алдағы сында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ құрамаларымен күш байқасады, деп хабарлайды SportX.kz.

Канададағы чемпионатқа дайындық аясында Қазақстан жастар құрамасы жергілікті студенттік клубтармен төрт жолдастық матч өткізеді.

12 желтоқсан. Қазақстан — University of Victoria «Vikes»

14 желтоқсан. Қазақстан- Trinity Western University «Spartans»

18 желтоқсан. Қазақстан — All Star Freshmen BCIHL

20 желтоқсан. Қазақстан — «Alberni Bulldogs»

Тікелей чемпионатқа келсек, жерлестеріміз алғашқы бәсекені 28- желтоқсан күні Финляндияға қарсы өткізеді. Араға үш күн салып АҚШ хоккейшілерімен сынға түссе, 31-желтоқсанда Словакиямен ойнайды.1- қаңтарға жоспарланған өз тобындағы соңғы матчта Швеция құрамасымен күш сынасатын болады.

Алғашқы үш кездесу Астана уақыты бойынша сағат 09:30 белгіленсе, шведтермен болатын соңғы ойынды сағат 05:30 басталады.

 

 

Пікір жазыңыз