Қазақстанның үздік теннисшісі Ноттингемде сәтті өнер көрсетуде

Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс жұптасып өнер көрсетуден Англиядағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды SportX.kz.

Жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын Ноттингемдегі турнирде 32  бұрымды теннисшілер күш сынасуда.Қытайлық терннисші Сайсай Чжен мен Зарина Дияс жұбы 1/8 финалда британиялық Йоханна Конта мен бельгиялық Янина Викмайерден басым түсті. Үш сетке жалғасқан бәсекенің нәтижесі- 4:6, 6:3, 10:6.

Зарина жеке сын бойынша да өз күшін байқап көреді.Бүгінге жоспарланған жекелей сынныің бірінде Зарина Дияс, аустралиялық әйгілі теннисші Саманта Стосурмен кездеседі.Ноттингемдегі жарыстың жеңімпазын алдағы жексенбі күні өтетін ақтық сын анықтап береді.

 

 

 

Пікір жазыңыз