Қазақстандық Altay athletics клубының  желаяғы «Гауһар лиганың» бас жүлдесін иеленді

 Отандық клуб сапында өнер көрсетіп жүрген  кениялық жеңіл атлет Каролин Кипкируи Дохада өткен «Гаухар Лиганың» бірінші кезеңінде  топ жарды 23 жастағы жеңіл атлет 3000 метрлік қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмай мәре сызығын бірінші қиды, деп хабарлайды SportX.kz.

Жалпы 3000 метрлік дистанцияда  ұзын-саны 18 үміткер бақ сынасты. Каролин Кипкируи алғашқы айналымда өзінің командалас әріптесі әрі отандасы Нора Джертомен бірге,көш бастаған топтың ішінде болды. Мәреге жүз метрдей қалғанда басталған  шиеленіске толы бәсекенің тағдыры,тура мәре сызығы  алдында шешілді. Жеме-жемге келгенде  өзімен мәреге қатар жеткен тағы бір отандасы  Агнес Тироптың алдын орып кеткен Каролин Кипкируи Дохадағы кезеңнің жеңімпазы атанды.

4 мамыр. Доха. «Гауһар лига», бірінші кезең. 3000 м (әйелдер)

  1. Каролин Кипкируи (Кения) — 8,29,05
  2. Агнес Тироп           (Кения) -8,29,09
  3. Хивин Киенг           (Кения)-8,30,09

«Гауһар лига -2018» екінші кезеңі 12 мамыр күні Шанхайда жалауын көтереді.

 

 

Пікір жазыңыз