Қазақстан премьер лигасының үздіктері

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер лиганың 2018 жылғы символикалық құрамасын ел назарына ұсынды, деп хабарлайды SportX.kz.

Еліміздің кәсіпқой футбол лигасы әріптесі InStat компаниясының статистикалық талдауына сүйене отырып, осы маусым әр тур сайын үздік он бір футболшының тізімін жасап келді. Үздіктерді іріктеуде алаңдағы позициясына байланысты футболшылардың жалпы индексі және ең негізгі деген көрсеткіштері ескерілді.

Осыған орай әр тур сайын үздіктер қатарына көбірек іліккен футболшылар жылдың символикалық құрамынан табылды.

Қақпашы: Дмитрий Непогодов, «Тобыл»
Сол қапталдағы қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана»
Орталық қорғаушылар: Марин Аничич, «Астана»; Евгений Постников, «Астана»
Оң қапталдағы қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана»
Негізгі жартылай қорғаушы: Ласло Кляйнхайслер, «Астана»
Сол қапталдағы жартылай қорғаушыАндрей Аршавин, «Қайрат»
Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Бақтияр Зайнутдинов, «Астана»; Бауыржан Исламхан, «Қайрат»
Оң қапталдағы жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана»
Шабуылшы: Маркос Пиззелли, «Ақтөбе»

Пікір жазыңыз