Қазақ дзюдошылары топ жарды

Польшаның Оленице қаласында жалауын түсірген халықаралық турнирде қазақтың жас дзюдошылары ерледі, деп хабарлайды SportX.kz.

Жастар арасындағы ірі жарыста жер шарының 21 елінен жиналған 350 ге таяу балуандар күш сынасты. Дәстүрлі додаға қатысқан 15 балуанымыздың жетеуі жүлдеге ілікті. Оның ішінде төрт дзюдошының тұғыр төріне көтерілгені біз үшін ерекше мақтаныш.

55 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ерлан Оналов, сондай-ақ Біләл Болат (60 келі), Нұрзат Сәлімбаев (66 келі) және Шынтас Серікболсын (90 келі) қарсыластарына дес бермей турнир жеңімпаздары атанды. 55 келіде күш сынасқан Әбілқайыр Ұлықбек екінші орынды иеленсе, Сүйініш Алмазұлы (55 келі) мен Айбар Мұқышев (73 келі) қола медальды місе қылды.

Ресми тіркелмеген жалпы есеп бойынша еліміздің жастар құрамасы командалық бірінші орынды иеленді.

 

Пікір жазыңыз