Қарсы алыңыз, Зульфия келді!

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты жалғасуда. Допинг дауына байланысты жарыстардан шеттетілген Зульфия Чиншанло жаза мерзімі аяқталып, додаға қайта қосылыпты. Қайта оралған атақты атлетіміз ел чемпионатында алдына жан салмады, деп хабарлайды SportX.kz.

55 келі салмақта Чиншанлоға тең келетін ауыр атлет табылмады. Екі жаттығу қорытындысы бойынша 202 келі (87+115) бағындырған әйгілі спортшы ел чемпионы атағын жеңіп алды.Тұғырдың екінші сатысына көтерілген Ақмарал Үргембаева жеңімпаздан 68 келіге қалып қойды.Чемпионаттың қола жүлдесін Камила Острикова иеленді.

Допингке қатысты дау-дамайдан кейін жарыс алаңына алғаш шыққан Зульфия Чиншанло, ендігі жерде Ашхабатта жалауын көтеретін әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі.

 

Пікір жазыңыз