Қақпаға соққы жасаудан тәуірміз, бірақ дарып жатқан доп кем

Статистика деген қызық қой, үңіле берсеңіз қайдағы жоқты тауып аласыз. Қазақстан құрамасы  жасыл алаңда жарқылдамаса да көңілге қонарлық статистикалар бар екен. Еліміздің бас командасы қақпаға соққы жасаудан Ұлттар лигасында үздік бестіктің қатарына еніпті, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақстан құрамасы жалпы алғанда 107 соққымен бесінші орыннан табылса, көш бастаған Арменияның еншісінде 133 соққы. 113 соққымен көзге түскен Беларусь бұл тізімде екінші, ал 108- соққыдан жасаған Молдова мен Люксембург үшінші және төртінші орындарды бөлісіпті.

 

Пікір жазыңыз