Путинцева тағы да ширек сыннан мүлт кетті

Қазақстандық теннисші үшін «Ролан Гарростың» ширек финалы алынбайтын қамалға айналды. Осыдан екі жыл бұрын мәртебелі турнирдің ширек финалына жетіп жығылған жерлесіміз, биыл да осы кезеңнен әріге бара алмады, деп хабарлайды SportX.kz.

2016-жылы Серена Уильямстен ұтылса,араға жыл салып, тағы бір америкалық теннисші Мэдисон Кис біздң Юлияны жарыс жолынан тыс қалдырды.Екі сеттегі бәсекенің нәтижесі 6:7 және 4:6 есебімен Мэдисонның пайдасына шешілді.

Есесіне ширек финалға дейін жеткен Путинцева,Парижден қомақты қаржы тауып қайтты. Ашық чемпионаттың ширек сынында өнер көрсеткен теннисшілерге 380 млн евро тиесілі екен.Жартылай финалда мүлт кеткендерге- 560 млн,ақтық сында ұтылған теннисшіге -1,12 млн, ал турнирде топ жарған дүлдүлге -2,2 млн евро көлемінде қаржы қарастырылған.

 

 

Пікір жазыңыз