Плей-оффта өнер көрсететін жеті клуб белгілі (ВИДЕО)

Еуропа чемпиондар лигасының топтық раунды өз мәресіне жақындап қалды. Бесінші турда «Викторияны» (Пльзень, Чехия) қабылдаған Мәскеулік ЦСКА 2:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды SportX.kz. 

Мәскеулік армияшылардың жанкүйерлері мұндай нәтижені күтпегені анық. Осы ойыннан кейін өз тобында төртінші орынға сырғыған ЦСКА үшін плей-оффтың ауылы тым алыстап кетті.

Осы күні сәтті ойын көрсеткен «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус», «Бавария», «Манчестер Сити», «Рома» және «Аякс» плей-оффтан орын алып үлгерді. Сырт алаңда ойнаған «Реал» италиялық «Романы» тағы да ұтып кетті. Қалған үш квартеттегі алғашқы екі орынның мәселесі соңғы турдың еншісінде қалып отыр. «Валенсия» мен «Бенфика» алдағы көктем Еуропа лигасында бақ сынайтын болса, АЕК пен «Янг Бойз» еурокубоктан тыс қалды.

Пікір жазыңыз