Он бес жылға созылған көрсеткіш бұзылды

Англия құрамасы Ұлттық Лиганың топтық кезеңі аясында 3:2 есебімен Ипсаниядан басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Севильядағы «Бенито Вильямарин».стадионына жиналған жанкүйерлер тарихи матчқа куә болып тарасты. Олай дейтініміз  Испания құрамасы өз алаңында жеңілмегелі он бес жылдың жүзі болған екен. Олар соңғы рет өз жанкүйерлері алдында 2003 жылы 0:1 есебімен Грекиядан ұтылыпты. Араға он бес жыл салып британиялық футболшылар Севильяда Испанияның алдын орап кетті.

Ағылшындар сапында Рахим Стерлинг (16-шы және 38-ші минуттар) екі доптың авторы атанса, тағы бір голды Маркус Рэшфорд (30) салды. Екі доппен жауап қайтарған Испания құрамасында Пако Алькасер (58) мен Серхио Рамос (90+8) көзге түсті. А лиганың төртінші тобында үш матчтан алты ұпай жинаған Испания бірінші, ал еншісіне төрт ұпай жазған Англия екінші орында.келеді.15- қараша күні өтетін соңғы турда Испания сырт алаңда Хорватиямен күш сынасады. Араға үш күн салып 2018-жылғы мундиальдың күміс жүлдегерлері Лондонда Англияға қарсы  ойнайды.

 

Пікір жазыңыз