Нұрлан қоланы місе қылды

Қазақстандық таэквонда жекпе-жегінің шебері Нұрлан Мырзабаев жазғы Азиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды SportX.kz.

Нұрлан жартылай сында оңтүстік кореялық Ли Хваджунмен кездесіп, өте шиеленісті өткен бәсекеде қарсыласына есе жіберіп алды. Алғашқы екі кезеңнен кейін таразы басы 11:11 болып, екі мықты тең түсіп тұрған. Бірақ шешуші кезеңде бір ұпай артық жинаған кәріс жігіт 17:16 есебімен жеңісті жұлып кетті.

Сонымен Нұрлан Мырзабаевтың жүлдесін қосқанда, таэквондо шеберлері ел қоржынына Азиаданың үшінші қола медальін сыйлап отыр. Оның алдында Джансель Дениз күміс жүлдегер атанған.

Пікір жазыңыз