Немичтер қола жүлде алды

Қазақ спортшылары жазғы Азия ойындарында қола медальдан тау тұрғызып жатыр. Кезекті жарыс күні синхронды жүзуден сынға түскен апалы-сіңілі Екатерина мен Александра Немичтер ел қоржынына тағы бір қола жүлде тарту етті, деп хабарлайды SportX.kz.

Апалы-сіңлілі Немичтер екі күнге жалғасқан жарыс нәтижесі бойынша 170, 8845 ұпаймен, тұғырдың үшінші сатысына жайғасты. Алтынмен апталған қытайлық дуэт 186, 5101 ұпай еншілесе, жапон қыздары (182.3363 ұпай) үшінші орынды иеленді.

 

Пікір жазыңыз