Недовесов жүлдеден үмітті

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Шэньчжэндегі «Челленджердің» ширек сынында қытайлық Цзэ Чжаннан басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Бүгінгі ойын екі теннисшіге де оңай тимеді. Корттағы екі сағат төрт минутқа жалғасқан арпалыс, айналып келгенде қазақтың пайдасына шешілді. Есеп — 7(7):6(3), 7(7):6(4). Мұның алдында Недовесов 30-жасар жапониялық теннисші Юити Сугитаның жолын кескен еді.

Турнирдің жартылай сынында қазақстандық теннисші серб Миомир Кецмановичпен кездеседі. Өз кезегінде сербиялық спортшы бүгінгі ширек финалда египеттік Мохамед Сафваттан алда болды.

 

 

Пікір жазыңыз

Ваш электронный адрес не будет опубликован.