«Найман» Мәскеуде ұрыс салады (ВИДЕО)

Жаңа-жыл қарсаңында ресейлік танымал промоутерлік компания Fight Nights Global мен GTC ұйымы ММА жанкүйерлеріне естен шықпас тарту жасамақ. 27 — желтоқсанға жоспарланған спорт кешінің файткартында атышулы жерлесіміз Қуат «Найман» Хамитов та сынға түседі, деп хабарлайды SportX.kz. 

Көптен бері ұрыс алаңынан көрінбей кеткен «Найман» алдағы жекпе-жекке қатысты мәліметті Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Соңғы кездері промоушендердің өзара бірігіп жарыс өткізуі үрдіске айналып барады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мынадай қысылтаяң кезде бірігіп қимылдаған дұрыс-ақ. Сол сияқты FIGHT NIGHTS GLOBAL мен GTC ұйымы Мәскеу тұрғындары мен қала қонақтарын жаңа жыл қарсаңында 10 жекпе-жектен тұратын керемет турнирді тамашалуға шақырып отыр.

27-желтоқсанға жоспарланған турнир «Москва Сити» бизнес орталығында орналасқан ультразаманауи  Cition Hall кешенінде өтеді.

Спорт кешінің көрігін қыздыратын басты жекпе-жекте ресейлік Роман Копылов (6-0-0) пен швейцариялық Ясуби Эномото (18-10-0) кездеседі. Бұл бәсекені көрермендердің асыға күтетіні анық. Өйткені әлі күнге жеңіліп көрмеген ұйымның орта салмақтағы чемпионы Роман Копылов, ұзаққа созылған үзілістен кейін өз жанкүйерлерімен қайта қауышпақ. Роман соңғы рет үстіміздегі жылдың наурыз айында Абусупиян Алихановты техникалық нокаутпен ұтып, чемпиондық белбеудің иесі атанған.

Соңғы екі кездесуде үздік топтың қатарына кіретін Шамиль Амиров пен Алексей Ивановты мерзімінен бұрын тәубесіне келтірген «Швейцариялық Самурай» чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алды.

Бокс кешінің файткартында жеңілістің ащы дәмін татпған Анатолий Малыхин (2-0-0), Армен Гулян (6-0-0), Шамиль Мусаев (10-0-0) және Қуат Хамитов сынды сарбаздар жарыс көрігін қыздырады.

Жерлесіміз Қуат «Найман» Хамитовтың қарсыласы әзірге белгісіз.

Пікір жазыңыз