Мың бұралған сұлулар Софияға аттанды

Бірер күннен кейін Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. Жақында аяқталған Азиада төрінде олжа салған қазақ гимнастикасының шеберлері енді әлемдік додада бақ сынайды, деп хабарлайды  SportX.kz

Софиядағы әлемнің кезекті чемпионаты қыркүйектің 10-16 аралығында өтеді. Жеклей сыннан өтетін бәсекелерде ел намысын Азиада жеңімпаздары Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова және Даяна Әбдірбекова қорғайды. Топтық жаттығуларда —Джессика Будник, Жанерке Дәулетқұлова,  Даяна Жакупова, Регина Сұлтанова, Анель Талғатбек және Айза Рустамқызы сынды гимнастшылар өз өнерлерін ортаға салады.

 

.