Мылтық асынған шаңғышылар Скандинавияға жол тартты

Биатлоннан еліміздің ұлттық құрамасы жаңа маусым алдындағы оқ-жаттығу жиынын Швецияның Идре қаласында өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Швецияға қазақстандық мылтық асынған шаңғышылар 11- қараша күні аттанады. Алдағы 2018/2019 маусым күнтізбесінде биатлоншыларды Әлем кубогы кезеңдерінен бөлек, Швецияның Эстерсундінде жалауын көтеретін әлем чемпионаты күтіп тұр. Әлем кубогының алғашқы кезеңі 2-қараша күні Словениядағы Поклюкада басталады.

Идреге аттанатын Қазақстан құрамасы:

Әйелдер: Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова, Дарья Климина және Елизавета Бельченко.

Ерлер: Владислав Витенко, Роман Еремин, Антон Пантов, Максим Браун, Тимур Куц және Петр Ермоленко.

Қазақстандық биатлоншылардың Швециядағы оқу-жаттығу жиыны 27- қарашаға дейін жалғасады.

 

Пікір жазыңыз