Мұз айдынындағы төбелес (ВИДЕО)

«Аризона» мен «Ванкувер» арасындағы бәсеке екі хоккейшінің төбелесімен есте қалды, деп хабарлайды SportX.kz  

Ұлттық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы матчты тамашалауға жиналған көрермен аризоналық сұрмерген Лоусон Круз бен ванкуверлік шабуылшы Антуан Руссел арасындағы төбелесті қызықтап қайтты.
Матчтың екінші бөлігі белортасынан ауғанда «Кэнакс» қақпасы алдында ұстасып қалған қос хоккейші, бір-бірін жұдырықтың астына алды. Нәтижесінде екіминуттық айыппен алаңнан қуылған хоккейшілер бұған қосымша айыппұл төлейтін болады.

Аризонадағы бәсеке 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Пікір жазыңыз