Муайтай: Еламан Саясатов-Конгкамрай Жиропонг

 15- маусым күні  елорданың 20 жылдық мерекесіне орай «Астана әкімінің кубогы»үшін муайтайдан халықаралық турнир жалауын көтереді, деп хабарлайды SportX.kz.

Халықаралық жарысқа ҚР Муайтай федерациясы мен Астана қаласы әікімдігі мұрындық болып отыр.Алдағы спорт кешінде 71 келі салмақ дәрежесіндегі сегіз спортшы,өзара турнир мықтысын анықтайды.Яғни бір кеш аясында өте шығатын «сегіздік» форматтағы  кәсіпқойлар бәсекесі, жанкүйер қауымды бей-жай қалдырмасы анық. Бұл додада Тайланд, АҚШ, Бразилия,Иран,Польша,Швеция және Қазақстан муайтай мектебінің өкілдері бақ сынасады.

Жарыс қызығы мұнымен шектелмейді. ЕХРО-2017 аумағындағы «Конгресс-орталықтағы» спорт кешін тамашалауға жиналған жұртшылық тағы бір тартысты жекпе-жекке куә болып қайтады. 51келі салмақ дәрежесі бойынша  Бүкіләлемдік муайтай кеңесінің (WMC) чемпиондық белбеуі сарапқа түсетін бәсекеде, жерлесіміз Еламан Саясатовпен Тайланд Корольдігінің чемпионы Конгкамрай Жиропонг күш байқасады.

 

Пікір жазыңыз