ММА: One FC қатарына мықты сарбаз қосылды

Аралас жекпе-жектен аты шыққан америкалық спортшы Эдди Альварес, Азия аймағындағы ең ірі One FC лигасымен келісім шарт жасасты, деп хабарлайды SportX.kz.

Сингапурлік лига қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс десек те болады. Өзіміздің «Алаш Прайдтан» түлеп ұшқан отандасымыз Қайрат Ахметов осы лиганың чемпионы атанғаны есімізде. Ал кезінде әлемге әйгілі промоушен UFC қосында жарқырап қоймай оның чемпиондық белбеуін иеленген Эдди Альварес, жаңа лигада бірден титулдық жекпе-жекке шығуы мүмкін. Өйткені оның жиған терген атағы мен мансабы оған осындай қолғабысын тигізіп қалуы ғажап емес. Әзірге әйгілі сарбаздың октагонға қашан шығатыны белгісіз.

Жалпы Альварес өзінің спорттық жолында 35 жекпе-жек өткізіп, оның 29 жеңіске жеткен. Америкалық сарбаздың UFC турнирлерінің бірінде Макгрегор мен Дастин Порьеден жеңіліс тапқанын да айта кетейік. Дегенмен Энтони Петтис, Рафаэль Дус Анжус сынды мықтылар Альварестің алдында тізе бүккен.

 

Пікір жазыңыз