ММА: Көргенде арманда, көрмегенде арманда

Бүгін, аралас жекпе-жек өнерін сүйіп тамашалайтын көрермендерді қызықты да тартысты бәсекелер күтеді. 25 тамыз яғни бүгін Санкт-Петербор қаласындағы М-1 Арена спорт кешенінде аралас жекпе-жектен М-1 Challenge 96 турнирі өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақ жанкүйерлері Нева жағалауындағы турнирде отандасымыз Санжар Әділовтің жолына қарайтын болады. Бұған дейін октагонда үш рет бақ сынаған Санжар әзірге жеңілістің ащы дәмін тата қойған жоқ. Грузиялық қарсыласы Важа Цыптаури оңай шағыла қоятын жаңғақ емес. Нағыз тіс қаққан шеберлердің санатына жатады. Бес кездесу өткізген Важа, тек бір рет жеңілген.

Бүгінгі турнирдің файт-кардымен таныс болыңыздар:

93 келі: Дмитрий Микуца (9-3-1) vs Хадис Ибрагимов (6-0);
65,8 келі: Даниэль Суэйн (18-8-1) vs Виктор Колесник (14-3-1);
70,3 келі: Мичел Сильва (19-7-1) vs Алексей Ильенко (8-0);
77,1 келі: Руслан Рахмонкулов (11-1) vs Максим Грабович (8-4);
65,8 келі: Стив Полифонт (13-5) vs Юрий Чобука (9-1);
56,7 келі: Санжар Әділов (3-0) vs Важа Цыптаури (5-1);
77,1 келі: Дмитрий Тихонюк (3-0) vs Борис Медведев (2-0);
70,3 келі: Филип Коварик (1-0) vs Артем Тарасов (2-1);
93 келі: Рафал Киянчук (3-0) vs Ибрагим Сагов (4-1);
61,3 келі: Рене Хакль (4-0) vs Никита Солонин (4-2);
77 келі: Юранд Лисицки (3-0-1) vs Василий Козлов (0-0);
93 келі: Юрий Федоров (1-0) vs Сергей Гольцов (0-1);
65,8 келі: Адам Боровец (3-0) vs Ахмадхан Боков (3-3).

 

Пікір жазыңыз