ММА: «Беркут»қожайындары Еркінге көз тігіп отыр

Қазақстандық белгілі жаттықтырушы Алмас Әлизақовтың шәкірті Еркін Дәрменов, ресейлік Berkut Young Eagles аясындағы жарысқа шақыру алыпты. 13-қазанға жоспарланған турнирде Еркін Дәрменов ресейлік файтер Қазим Туменовпен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды SportX.kz

Алғашқы да бұл турнир 22-шілде күні өтетін болған. Алайда ресейлік танымал лига АСВ қаржы тапшылығына байланысты бірнеше жарысты өткізе алмай қалды. Мұндай жағдай промоушеннің фарм-лигасы Berkut Young Eagles әсер етпей қалған жоқ. Уақытша қиыншылықтарды артқа астаған фарм -лига кейінге шегерілген турнирді 13- қазанға жоспарлап қойыпты. Еркін Дәрменовтің Berkut Young Eagles аясындағы дебюттік жекпе-жегі әлі есімізде. 15-сәуір күні Шешенстанда өткен турнирде Дәрменов жергілікті сарбазды отыз секундтың шінде жайратып салған еді. Ауыр соққы жіберіп алған қарсыласы Ахмед Магомедов орнынан тұра алмай қалған.

Шешенстанда мұндай жекпе-жектерді ұмытпайды. Сол жеңістен кейін «Berkut Young Eagles 2»: Гран-при 2018 турнирінің ширек финалынан орын алған Еркін, Шешенстанға қайта сапар шегеді. Қарсыласы Қазим Түменов жайлы ақпараттар көп емес. Дегенмен Қазим ММА үш кездесу өткізііп, оның екеуінде ұтқан. BYE 2 2018 Berkut Young Eagles Grand Prix: Opening Round турнирінде Туменов қарсыласы Станислав Савицкийді қылықындыру әдісімен жеңген екен.

 

 

Пікір жазыңыз