Михайл Кукушкин өзбекстандық теннисшіні оңай жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михайл Кукушкин Петербордағы турнирдің екінші айналымында ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасады, деп хабарлайды SportX.kz.

Турнирдің бірінші айналымында Кукушкин өзбекстандық Денис Истоминмен кездескен. Бірақ ескі жарақаты сыр берген Истомин, ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл кездегі есеп нәтижесі 7:5, 2:4 болатын. Сонымен келесі сатыға көтерілген Михайл Кукушкин бүгін Астана уақыты бойынша сағат 17:00  турнирдің жетінші ракеткасы ресейлік Даниил Медведевпен күш байқасып көреді.

 

 

 

Пікір жазыңыз