Мессидің 33 жүлдесі

«Барселона» жаңа маусымдағы алғашқы жүлдеге ие болды. Каталондықтар Испания Суперкубогы үшін бәсекеде 2:1 есебімен «Севильядан» басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Биыл жарыс форматы өзгерген. Бұған дейін командалар өзара екі рет кездесетін болса, енді бір ойынмен шектелген. Соған байланысты Испания Суперкубогы жолындағы ақтық матч бейтарап аймақта өткізілді. Марокконың Танжер қаласында  өтккен тартысқа толы бәсеке 1:2 есебімен «Барселонаның» пайдасына шешілді. Осы жеңістен кейін әйгілі Лионель Месси каталондық клуб сапындағы ең көп жүлде жеңген ойыншы атанып шыға келді. Осымен 33-жүлде иеленген аргентиналық футболшы, өзінің бұрынғы командалас әріптесі Андрес Иньестаны (32) басып озды.

«Севилья» — «Барселона» — 1:2
Голы: Сарабия, 10 — Пике, 42, Дембеле, 78

«Барселона»: тер Штеген, Семеду, Ленгле, Пике, Альба, Артур (Коутиньо, 53), Бускетс, Рафинья (Ракитич, 46), Месси, Суарес, Дембеле (Ар. Видаль, 86).

«Севилья»: Вацлик, Меркадо (Бен Йеддер, 85), Кьяер, Гомес, Навас, Банега, Меса, Эскудеро, Сарабия (Ал. Видаль, 71), Муриэль (Силва, 60), Васкес.

Пікір жазыңыз