Мбаппенің құны шарықтап тұр

Франция және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы. CIES Football Observatory орталығы жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша француздан қымбат ойыншы жоққа ұқсайды, деп хабарлайды SportX.kz.

19-жастағы футболшының трансферлік құны 216,5 миллион евроны құраған. Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, Мбаппе құны 200 миллион евродан асып жығылатын жалғыз футболшы болып отыр.

Қымбат футболшылар үштігіне енген ағылшын Гарри Кейн («Тоттенхэм», Англия) 197,3 миллиона евроға, ал аргентиналық шоқ жұлдыз Лионель Мессидің құнын зерттеу орталығы 170,6 миллион евроға бағалапты.

Ең қымбат жартылай қорғаушылар тізімін «Тоттенхэмнің» футболшысы Деле Алли (163,4 миллиона евро) бастап тұр. Қорғаушылар арасында «Барселона» сапында өнер көрсететін француз Самюэль Юмтитидің (102 миллиона евро) құны өзгелерден анағұрлым қымбат.

Қақпашылар арасында «Манчестер Ситилік» бразилиялық Эдерсонның (102 миллиона евро) құны өте жоғары бағаланыпты.

Пікір жазыңыз