Макгрегор бапкері: «Конор Нурмагомедовті екінші немесе үшінші раундта сұлатып салады»

Ирландиялық сарбаздың жаттықтырушысы Оуэн Родди, алдағы Конор Макгрегор- Хабиб Нурмагомедов жекпе-жегіне қатысты пікірін осылайша білдірді, деп хабарлайды SportX.kz.

— Меніңше Конор Хабибті жағынан ұрып құлатады. Бұл уақыттың еншісінде. Егер Конор бірінші раундтың басында дәл соққы жасаса, онда кездесу сол сәтте-ақ аяқталады деп есептеймін. Сол кезде ауыр соққыдан есеңгіреген Хабибтің қандай күйде болатынын көре жатасыздар. Мен алдағы кездесудің нокаутпен аяқталатынына күмән келтірмеймін. Өйткені Конордың соққыларына шыдайтындар кем де кем. Хабибті сондай сарбаздардың бірі деп ойламаймын- деп мәлімдеді Родди.

Ресейлік Нурмагомедов пен ирландиялық Макгрегор  6-қазан күні Лас-Вегаста өтетін UFC 229 турнирі аясында кездеседі.

 

Пікір жазыңыз